Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға қала тұрғындары нысанды реконструкциялау үшін жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту, жаңа сәулет нысанын салуға жер учаскесін бөлу және басқа да мәселелер бойынша жүгінді.

Басқарма басшысы жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін келісімшарттың қолданыста болуы қажет екенін түсіндірді.

Аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.

Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылуы тиіс:

• жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;
• жер учаскесін жалдау шартының көшірмесі.

Жер учаскесін жалға алу келісімшартының мерзімі өтіп кеткен жағдайда жер учаскесі Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЕГКН) арқылы бастапқы беру тәртібімен қайта рәсімделеді. Аталған қызметті көрсету мерзімі – 30 күнтізбелік күн.

Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады.

Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.