Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында эскиздік жобаны келісу, тұрғын үйлердің қасбеттерін қалпына келтіру, сондай-ақ абаттандыру секілді мәселелер көтерілді.

Эскиздік жобаны келісу мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.

Басқарманың Instagram парақшасында эскиздік жобаны келісуге қажетті құжаттар туралы ақпарат бар.

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.

Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.