Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында жер учаскесін жалға алу келісімшартын ұзарту мәселесі қаралды. Оның мерзімі өткеннен кейін, жер учаскесі (ЖМБМК) ЕГКН жүйесі арқылы бастапқы беру тәртібімен қайта рәсімделеді. Ең бастысы нысанға жауапты заңды тұлға немесе жер учаскесінің иесі қажетті құжаттарды қатесіз дұрыстап жүктесе болғаны. Жауап 30 күнтізбелік күнде беріледі. 

Жер учаскесі қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді жалға берілуі мүмкін.

Қысқа мерзімді жалдау мерзімі –  1 жылдан 5 жылға дейін.

Ұзақ мерзімді жалдау – 5 жылдан 49 жылға дейін.

Құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі 3 жыл мерзімге беріледі.

Сонымен қатар, қала тұрғындары жеке құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін беру өтініштерімен жүгінді. Басқарма басшысы, қазіргі уақытта Астана қаласында жаңа құрылысқа қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің тапшылығы туралы да атап өтті.

Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды және қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.