Түзетілген Бас жоспарды қалалық маслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады

Түзетілген Бас жоспарды қалалық маслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады

Бүгін Мәжіліс залында Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов маслихат депутаттарының қарауына Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспардың түзету жобасын ұсынды.

Бас жоспар елорда аймағының негізгі даму бағыттарын айқындайтын басты қала құрылысы құжаты екендігі аталып өтілді. Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов Бас жоспарға қандай факторлардың негізінде түзетулер енгізілгенін және олардың қажеттілігі немен байланысты екенін жеткізді. Оның айтуынша, негізгі себептер: инвестициялық жобаларды тарту, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, сондай-ақ қолайлы қалалық орта қалыптастыру.

Бүгінде Бас жоспарды түзету жобасы барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген: 21 орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдардың 37 ұйымы мақұлдаған. Сонымен қатар, барлық қажетті қоғамдық талқылаулар мен стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша қоғамдық тыңдаулар, сондай-ақ кешенді қала құрылысы сараптамасы өткізілді.

Сондай-ақ, осы жылғы 3 маусымда мемлекеттік кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысы алынды.

Отырыс қорытындысы бойынша елорданың Бас жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Астана қаласы мәслихатының депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды.

Бұдан әрі Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіту үшін мемлекеттік органдар интернет-порталына жүктеледі.