Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен

Астана қаласының Сәулет, қала құрылы және жер қатынастары басқармасы мен оған бағынысты ұйымдар - “Астана бас жоспары” ҒЗЖИ” ЖШС және “Урбанистика орталығы” ЖШС барша қазақстандықтарды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін айшықтай түсетін ерекше мереке. Мемлекеттік рәміздеріміз халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, Отанға деген сүйіспеншілігін білдіретін қастерлі нышандар болып табылады.

Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз асқақтай шырқалып, Елтаңбамыздың мәртебесі арта берсін!

Әр шаңыраққа амандық, қуаныш пен бақыт, шаттық пен береке тілейміз!