
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде есірткінің зияны бойынша дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов өткізді. Кеңес барысында басқарма қызметкерлеріне есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен оларды қолданудың қауіпті салдары, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Есірткі қылмыстарының алдын алу тек құқық қорғау шараларымен шектелмеуі тиіс. Адамдардың санасына әсер етіп, олардың өмірлік құндылықтарын дұрыс қалыптастыру маңызды.
Нашақорлық – қоғамның дамуы мен жастардың болашағына үлкен қауіп төндіріп отырған індет.
Бірлесе отырып жастардың болашағына балта шаппауға атсалысайық!
Әсірткіге «Жоқ» деп, салауатты өмір салтын бірге таңдайық!