
«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ –да «Астана қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС ұйымдастыруымен жүк тасымалы бойынша кеңес өтті.
Оған Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-ның, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ, жүк тасымалы саласының өкілдері мен сарапшылары қатысты.
Кездесу барысында жүк тасымалын ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалысын бақылау, айыппұл санкцияларын қолданудың заңдылығы, сондай-ақ қолданыстағы реттеу рәсімдерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
«Астана қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС қатысушылардың назарына қаланың жүк логистикасы жүйесінің қазіргі және перспективалы даму бағыттары бойынша талдамалық материалдар ұсынды.
Кеңес сындарлы диалог форматында өтіп, қатысушылар өз салалары бойынша мәселелерімен бөлісті. Қорытындылай келе қазіргі жұмыс тобы алдағы уақытта да елордадағы жүк тасымалы саласын дамыту бойынша одан әрі жүйелі түрде ұсыныстар қабылдап, бірлесе шешімдер әзірлеу алаңы ретінде жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.