
Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында жер учаскесін жалға алу келісімшартын ұзарту мәселесі қаралды. Оның мерзімі өткеннен кейін, жер учаскесі (ЖМБМК) ЕГКН жүйесі арқылы бастапқы беру тәртібімен қайта рәсімделеді. Ең бастысы нысанға жауапты заңды тұлға немесе жер учаскесінің иесі қажетті құжаттарды қатесіз дұрыстап жүктесе болғаны. Жауап 30 күнтізбелік күнде беріледі.
Сондай-ақ, бүгін Басқарма бөлімдерінің басшылары мен мамандары тұрғындардың сұрақтары бойынша қажетті кеңес берді.
Еске саламыз, Басқарма бөлімдерінің басшылары мен мамандары азаматтарды әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін қабылдайды.
Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды және қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.