
“Мемлекеттік қызметшілер күні” мерекесіне орай жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада өткізілді.
Іс-шараға Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Басқарма басшысының орынбасары - Аян Смағұлов қазақ күресінен 74 кг салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанса, Басқарманың бас мамандары - Мардан Назаралы және Нұрәділ Тілектес киберспорттан 2 орын иеленді, Каландар Молдаханов футбол командасының құрамында өнер көрсетіп, жеңіске жетті.