Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында (ЖМБМК) ЕГКН жүйесі арқылы жер учаскесін рәсімдеу сұрақтары қарастырылды. Жеке тұрғын үй құрылысы мақсатындағы жер учаскесінің ауданы 0,1 га (10 сотық) аспауы керек.

Одан басқа, тұрғындар жеке тұрғын үй құрылысы үшін  жер учаскесін беру өтініштерімен, сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселелерімен жүгінді. ҚР Жер кодексінің 109 бабына сәйкес, қалалардағы жерлер бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және құрылыс жүргізу нормаларына сәйкес пайдаланылады.

Еске саламыз, Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды.

Қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.