"Сарыарқа" ауданында жаңа сауда-қойма кешені

"Сарыарқа" ауданында жаңа сауда-қойма кешені

Қоғамдық талқылау өтті

Бүгінгі іс-шарада қатысушылар “Сарыарқа” ауданы, Майлықожа көшесі, Бытығай тұйығы және Болашақ көшесінің қиылысында тұрғызылатын «Көпфункционалды сауда кешені» құрылысын талқылады.

Жер телімінің жалпы ауданы – 10 га
Сауда-қойма кешенінің ауданы – 6, 1 га.

Одан бөлек бұл аумақта жер учаскелерінің ауданы 0,1 га құрайтын 7 жеке тұрғын үй салынады.

Жоба өкілінің айтуынша, сауда кешені болғандықтан, мұнда жергілікті тұрғындардың қажеттілігін қамтатасыз ететін барлық қызмет түрлері көрсетілетін болады.

Жоба құрылысқа қажетті құжаттаманы келіскен соң, 2027-2028 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Құрылыс компаниясы өкілі кешенге көлікпен қатынау еш қиындық туғызбайды, одан бөлек автотұрақ та міндетті түрде қарастыралады деді. Сонымен қатар, кешенде 100-ден астам жұмыс орны ашылады.

Жоба қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Екі жұмыс күні ішінде қоғамдық талқылаудың қорытындысы хаттама түрінде рәсімделіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланады.

📢Құрметті қала тұрғындары!

Қоғамдық талқылауға қатысып, өз ойларыңызды білдіріңіздер. Қала құрылысына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!