
Қабылдау барысында жер учаскесіне сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, тұрғындар дизайн-кодқа қатысты сұрақтармен де жүгінді. Аян Асқарұлының айтуынша, дизайн-код тұжырымдамасы әзірленуде және алдағы уақытта барлық жарнамалық маңдайшалар осы ережеге сәйкес орналастырылатын болады.
Айта кету қажет, әр жағдай жеке қарастырылады, сондықтан егжей-тегжейлі түсініктеме алу үшін қабылдауға келетін азаматтарда барлық қажетті құжаттар өзімен бірге болғаны жөн.
Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.
Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.