«Нұра» ауданында жаңа емхана, әкімшілік ғимарат және тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.

«Нұра» ауданында жаңа емхана, әкімшілік ғимарат және тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.

«Нұра» ауданында жаңа емхана, әкімшілік ғимарат және тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.

 

Бүгінгі өткен қоғамдық талқылауда үш мәселе қаралды. Қатысушылар алдымен паркингі бар әкімшілік ғимаратының құрылысын талқылады.

Жер телімінің жалпы ауданы – 0,4993 га

Бизнес орталықтың жалпы ауданы – 13 384, 77 м2;

Коммерциялық үй-жайлар – 9 917, 88 м2

Паркинг ауданы – 2 950,18 м²;

Паркингтегі көлік санының орны – 150;

Ашық алаңдағы көлік санының орны – 26

Нысан 9 және 14 қабатты екі блоктан тұрады. Жобаға жауапты өкілдің айтуынша, нысанға көлікпен қатынау еш қиындық туғызбайды.  

Құрылыс кезеңінде 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 600-ден аса тұрақты жұмыс орны болады деп жоспарлануда.  

Әкімшілік ғимаратта фитнес орталықтар, мейрамханалар және гипермаркеттер ашу көзделуде.  

 

Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингтері бар көппәтерлі тұрғын үй кешендері.

Жалпы жер телімінің ауданы – 13, 2607 га;

Жер телімінің құрылыс ауданы – 11, 3202 га;

Автотұрақ ауданы – 46 651,9 м2;

Автотұрақпен ғимараттың жалпы ауданы – 398 980,1 м2;

Автотұрақтағы көлік саны – 2539;

Коммерциялық ауданы – 23 962,3 м2;

Пәтерлер ауданы – 201 127,1 м2;

Тұрғындар саны – 7016.

Жобаға жауапты өкілдің айтуынша, ең бастысы қауіпсіздік және абаттандыру мәселелеріне көңіл бөлінген. Жоба аясында аллея, балалар және спорттық алаңдары қарастырылған.

 

Амбулаториялық емхана құрылысы.

 «Шипагер» өз инвестициясына салатын емханада бір ауысымда 400-500 емделушіні қабылдау жоспарлауда. Құрылыс кезеңінде 100-150, ал емхананың өзінде 350-450 жұмыс орнымен қамту көзделуде. 5 қабаттан тұратын жоба емхана, диагностика, стационар және арнайы блоктарды қамтитын болады. Сондай-ақ, 170 көлік орнына арналған автотұрақ қарастырылуда.

Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.  Қоғамдық талқылаудың алдын ала қорытындысы бойынша, үш жоба да қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Қорытынды хаттама екі жұмыс күні ішінде Басқарманың ресми сайтында жарияланып, өткізілген іс - шара туралы толық ақпаратпен танысуға болады.