Ақан Бақытжан Қазақстан құрылысшылар одағының президенті болып тағайындалды

Ақан Бақытжан Қазақстан құрылысшылар одағының президенті болып тағайындалды

«Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ ұйымының хабарлауынша, Ақан Бақытжан ұйымның Президенті болып сайланды.

Қазақстан Құрылысшылар одағы Президиумының Төрағасы болып көп жылдар бойы ұйымды басқарып, Қазақстан құрылыс нарығындағы негізгі салалық алаңдардың бірі ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосқан Талғат Ерғалиев қала береді.

Ақан Бақытжан құрылыс саласындағы жаңа буын басқарушыларының өкілі болып табылады.

Оның кәсіби жолы инженерлік қызметтен басталған: әр жылдары ол сапа инженері, мемлекеттік құрылыс инспекторы болып жұмыс істеді, Астана қаласы Құрылыс басқармасының сметалық бөлімін басқарды, мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2020 жылдан бастап The Akan Building компаниялар тобын басқарады.

Жаңа Президенттің құрылыс саласы бойынша профильдік білімі бар:

2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құрылыс техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы Maqsut Narikbayev University-де (бұрынғы ҚАЗГЮУ университеті) құқық бакалавры дәрежесін алған, ал 2016 жылы осы университетте іскерлік әкімшілендіру саласы бойынша MBA дәрежесін иеленген.

Қазақстан Құрылысшылар одағы ел бойынша құрылыс секторының 1700-ден астам компаниясын біріктіретін және Қазақстандағы ең ірі салалық қауымдастықтардың бірі болып табылады.