Атақты сәулетші Аманжол Чиканаев 80 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Атақты сәулетші Аманжол Чиканаев 80 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Сәулет кандидаты, доцент, КСРО және ҚР Сәулетшілер одағының, ҚР Қала құрылысшылары одағының, ҚР Дизайнерлер одағының және Қазақстан Суретшілер қауымдастығының мүшесі Аманжол Чиканаев 1946 жылғы 27 ақпанда дүниеге келген.

Кәсіби және мемлекеттік наградалармен, соның ішінде «Қазақстанның құрметті сәулетшісі», «Астананың үздік сәулетшісі» және «Ерен еңбегі үшін» (2023) медальдарымен марапатталған.

Аманжол Чиканаев авторлық ұжымдар құрамында Астана қаласының Бас жоспарын, қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және ҚР аумақтық дамуының Бас схемасын, сондай-ақ өңірлік агломерацияларды дамыту жобаларын әзірлеуге қатысқан.

Еңбек жолының ең маңызды кезеңдерінің бірі – елорданың алғашқы Бас жоспарын әзірлеуге қатысуы.

1998 жылы Аманжол Шаймерденұлы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Астананың Бас жоспарының эскиздік идеясын әзірлеу жөніндегі халықаралық конкурс бойынша Үкіметтік комиссияның ғылыми консультанты болды және жапон сәулетшісі Кисё Курокавамен бірлесіп еңбек етті.

2019 жылдан бері «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-да ғылыми және нормативтік-техникалық әзірлемелер бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.

Бүгін мерейтойына орай атақты сәулетші Аманжол Шаймерденұлына Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің құттықтау жолдауы, Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметовтың алғыс хаты табысталды. «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-ның бас директоры Руслан Жақыпов сәулетшінің кеудесіне «Астана бас жоспарына 25 жыл» төсбелгісін тақты.

Жиналғандардың назарына белгілі сәулетшінің өмірі мен еңбегі туралы Институт ұжымы әзірлеген құттықтау бейнежазба көрсетілді. Одан кейін қызметкерлер әріптесі Аманжол Шаймерденұлын мерейтойымен құттықтап, бас қаланың қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі үшін, сондай-ақ «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-дағы көпжылғы кәсіби еңбегі үшін алғыстарын білдірді.