Жер учаскелері мен тұрғын үйлерді уақытында рәсімдеу қажет.

Жер учаскелері мен тұрғын үйлерді уақытында рәсімдеу қажет.

Жер учаскелері мен тұрғын үйлерді уақытында рәсімдеу қажет. Егер жалға алынған жер учаскеңіз болса, оның келісімшарт мерзімін тексеруді ұмытпаңыз. Себебі қолданыстағы келісімшарттың мерзімі өтпеген жағдайда ғана жалдау мерзімін ұзартуға өтініш беруге болады.

Осы мәселе Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайын өткізетін жеке қабылдауда көтерілді. Жер учаскесін жалға алу келісімшартының мерзімі өткеннен кейін, жер учаскесі (ЖМБМК) ЕГКН жүйесі арқылы бастапқы беру тәртібімен қайта рәсімделеді. Бұл қызметті көрсету мерзімі – 30 күнтізбелік күн.

Сонымен қатар, тұрғын үйге тиесілі жер учаскесін рәсімдеу мәселесі де қарастырылды. Тұрғын үйді сүріп, оның орнына жаңа үй тұрғызылған кезде немесе қолданыстағы нысанға жапсарлас құрылыс салған жағдайда, енгізілген өзгерістерді заңдастырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу қажет. Әйтпесе, сотқа жүгінуге тура келеді.

Еске саламыз, Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды.

Қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.