Астана БҰҰ-нан Тұрақты Орталық мәртебесін алды

Астана БҰҰ-нан Тұрақты Орталық мәртебесін алды

Астана ресми түрде Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы Resilience Hub (Тұрақты даму) мәртемесіне ие болды!

Қазіргі уақытта дүниежүзінде аталмыш мәртебеге ие болған 42 қала бар. Астана Еуропа-Орталық Азия аумағында - 14, ал Орталық Азияда - 1 қала болып табылады.

Бұл ғаламдық желіге Нью Йорк, Барселона, Сеул, Манчестер мегаполистері кіреді.

Осы дәрежеге елорда жүйелі өзгерістердің арқасында қол жеткізді. Жүздеген ағаштар мен көпжылдық бұталар отырғыза отырып, көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Қарапайым көшелер заманауи талаптарға сай қоғамдық кеңестерге айналды.

Соңғы жылдары Астанада сапалы қалалық орта қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан бірізді саясат одан әрі дамуда. Оны ішінде:

• Қаланың жасыл инфрақұрылымы қалыптасуда, • Біріңғай дизайн-код енгізілуде
• Жаңа қоғамдық алаңдар және парктер пайда болуда
• Жаяу жүргінші маршруттары мен саябақтар дамытылуда.