
Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында жер учаскесін жалдау шартын ұзарту, эскиздік жобаны келісу, сондай-ақ мемлекеттің мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару сұрақтары көтерілді.
Басқарма басшысы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуды ресімдеу үшін жалдау шартының қолданыста болуы қажет екенін түсіндірді.
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.
Жер учаскесін жалдау шартын ұзарту қызметіне өтініш беру кезінде келесі құжаттарды қоса ұсыну қажет:
Сонымен қатар, жеке қабылдау барысында Астана қаласы, Нұра ауданы, Ілияс Омаров көшесі, 23/2 учаске мекенжайында саябақ салу мәселесі қаралды. Басқарма басшысы Алтынбек Ахметовтың айтуынша, саябақтың тұжырымдамасы жауапты органның, яғни аудандық әкімдіктің бюджеттік мүмкіндіктеріне байланысты. Саябақ салудың негізгі шарттары – заманауи сәулеттік талаптарға сәйкестік, сапалы көгалдандыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды.
Қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ға дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.