Жалпыұлттық референдум аясында “Астана бас жоспары” ҒЗЖИ-на ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Марат Башимов және “Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!” жалпыұлттық коалиция штабының Астана қаласы бойынша мүшесі Дәурен Ұлықпанов келді.

Іс-шараның модераторы Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов болды.

Кездесудің басты мақсаты - ағымдағы жылғы 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумның маңыздылығын талқылау. Іс-шара аясында қонақтар ҚР Конституциясына енгізілгелі отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді. Әсіресе Парламентті Құрылтай деп өгерту мәселесі қозғалды, заңдарды жедел қабылдау үшін бір палаталы жүйенің маңыздылығы мен артықшылығы түсіндірілді. Оған қоса заң жобаларын қабылдау кезінде сот және президенттік билік қызметінің шетелдік тәжірибелері мысал ретінде келтірілді. Депутаттың айтуынша, Президент - мемлекетті басқарумен қатар халықтың саяси және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

Сондай-ақ Марат Башимов осы жылдың 1 шілдесі жаңа ережелер күшіне енетін ерекше күн болатынын да атап өтті.

Осы өзгерістерге байланысты еліміздің әрбір азаматы референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы маңызды. Бұл - жарқын болашақты бірге құрудағы алғашқы қадам.

Өз кезегінде Сәлет басқармасы, Астана бас жоспары және Урбанистика орталығының басшылығы қонақтарға мазмұнды әрі пайдалы кездесу үшін алғыс білдірді.

Мұндай түсіндіру жұмыстары жастарды Жаңа Қазақстанды бірге құруға ынталандыратыны сөзсіз.