Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Қала тұрғындары Басқарма басшысының орынбасарынан көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын уақытылы аяқтауға жәрдем көрсетуді сұрады. Өз кезегінде Аян Асқарұлы Басқарманың құзыретіне құрылысқа арналған бастапқы (жобалау алдындағы) материалдарды ұсыну кіретінін, ал құрылыстың барысы мен аяқталуын қадағалау басқа органдардың құзыретіне тиесілі екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, тұрғын емес үй-жайды тұрғын үйге қайта жабдықтау тәртібі бойынша ақпарат берілді. Бұл ретте ең алдымен тұрғындардың 2/3 бөлігінің келісімі қажет. Одан кейін бастапқы материалдарды электрондық түрде алу мақсатында портал арқылы жүгіну қажет.  

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.

Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.