Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды қабылдау өткізді.

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды қабылдау өткізді.

Қабылдау кезінде тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобы қоқыс құбырының орнына қоймалар салу мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, қажетті жұмыстар атқарылды: тұрғындардың 2/3 дауысы жиналды. Келесі қадам ретінде МИҚ (ОСИ) өкілдері қоймалар салу жұмыстарын бастауға рұқсат алуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде, Басқарма басшылығы қоқыс құбырын орналастыру бойынша барлық рұқсат ережелерін нақтылап, соңғы жауап береді.

Сонымен қатар, тұрғын үй орналасқан жер учаскесін сегменттеу, яғни бөлу мәселесі де көтерілді. Бұл процесті жүзеге асыру үшін жер учаскесі алдымен арнайы жүйе - ЖМБМК (ЕГКН) арқылы рәсімделуі қажет.

Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды.

Қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.