
Қабылдауға келген тұрғындардың бірі бау-бақша учаскелерінің иелерін біріктіретін қоғамдық бірлестікке мүше болу мәселесімен жүгінді. Басқарма басшысы мұндай қауымдастықтарға қатысу әрбір тұрғынның жеке шешімі екенін, оған қатысудан бас тарту жеке меншік құқығын шектемейтінін түсіндірді.
Айта кету қажет, Басқарманың негізгі қызметі – құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарын беру. Мемлекеттік акт алу, яғни құрылыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін анықтау, Басқарманың құзыретіне кірмейді. Сонымен бірге, бақша учаскесінің ауданы 12 сотықтан аспауы тиіс екені атап өтілді.
Сонымен қатар, қабылдауда инвестициялық келісім-шарт негізінде құрылыс мақсатында берілген жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту, сондай-ақ автотұрағы бар көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу мәселелері қаралды.
Автотұрақ салу талаптары тұрғын үй санатына байланысты:
I санат — әр пәтерге 2 автотұрақ орыны;
II санат — әр пәтерге 1 автотұрақ орыны;
III және IV санат — 2 пәтерге 1 автотұрақ орыны;
V санат — паркинг қарастырылмаған.
Қабылдауда сонымен қатар жеке мектеп салу мәселесі бойынша түсініктемелер берілді. Басқарма басшысы барлық жер учаскелері Астананың Бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес берілетінін атап өтті. Сонымен бірге, қазіргі уақытта мемлекеттік жалпы білім беру мектептері тұрғындар арасында жеке мектептерге қарағанда көбірек сұранысқа ие екені де жеткізілді.
Сондықтан Бас жоспар әзірлеу кезінде әр ауданның әлеуметтік нысандарға қажеттілігі ескеріледі. Алтынбек Ахметовтың айтуынша, мемлекеттік жалпы білім беру мектептерін салу – алдыңғы кезектегі міндет.
Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды.
Қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ға дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.