
Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов апта сайынғы азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында үлестік меншіктегі жер учаскесін бөлу мәселесі қаралды. Сонымен қатар, иесі бір екі түрлі жер учаскесінде орналасқан нысанды қайта құру жөнінде түсініктемелер берілді.
Айта кету қажет, әр жағдай жеке қарастырылады, сондықтан егжей-тегжейлі түсініктеме алу үшін қабылдауға келетін азаматтарда барлық қажетті құжаттар өзімен бірге болғаны жөн.
Аян Асқарұлы әрбір сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Басқарманың құзыреті аясында түсіндірді.
Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.