
Апта сайын өткізілетін қабылдаудың негізгі мақсаты – тұрғындарды мазалайтын құрылыс, жер учаскелері, реконструкцияға қатысты, сондай-ақ басқа да сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселелердің шешімін табуға ықпал ету.
Кезекті жеке қабылдауда тұрғын емес үй-жайларды және жер учаскелерін заңдастыру мәселелері қаралды.
Алтынбек Ахметов әр тұрғынды жеке қабылдап, әрбір азаматтың өтініші мен сұрағына Басқарма құзыретінің шегінде жауап берді.
Басқарма басшысы азаматтарды қабылдауды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізеді.
Қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.