2025 жылы Басқарма 120 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

2025 жылы Басқарма 120 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

2025 жылы «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ көрсеткен мемлекеттік қызметтердің нәтижелері

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 1 343;

  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру – 2045;

  3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру – 21;

  4. Республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтарды алу – 4 457;

  5. Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау – 297;

  6. Бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру – 0;

  7. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату – 254;

  8. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргзуге рұқсат беру – 714;

  9. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау туралы анықтама беру – 51 496;

  10. Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру – 5205;

  11. Эскизді (эскиздік жобаны) келісу – 3 945;

  12. Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беру – 96;

  13. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру – 46 226;

  14. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту – 831;

  15. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу туралы шарттарды тіркеу – 15;

  16. Жалдау шартының көшірмесін беру – 0

 

Жалпы Басқарма 2025 жылы 116 945 мемлекеттік қызмет көрсетті