Жеке қабылдаулар өтті

Жеке қабылдаулар өтті

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов және Басқарма мамандары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

Қабылдау барысында Алтынбек Ахметов жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру шарттарын түсіндірді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес жер учаскелері мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:

  • Астана қаласының Бас жоспарына сәйкестігі;
  • егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖЖ) сәйкестігі;
  • бөгде меншік иелерінің болуы.

Жер учаскелерін сатып алу уәкілетті ұйым жүргізетін бағалаудан кейін аукцион арқылы жүзеге асырылады.

Қабылдау барысында көтерілген сұрақтардың бірі жеке тұрғын үйге арналған жер учаскесін заңдастыруға қатысты болды. Осы мәселеге байланысты Басқарма басшысы мен заң бөлімінің басшысы сот процестерінен өту тәртібін түсіндірді.

Басқарма басшысы азаматтарды алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.

55-69-57 телефон нөмірі арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады.

Басқарма бөлімдерінің басшылары мен мамандары азаматтарды жазылусыз әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін қабылдайды.