Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов апта сайынғы азаматтарды қабылдау өткізді.

Алдын ала жазылған қала тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Қабылдау барысында сәулеттік жоспарлау тапсырмасын алу және эскизді келісу кезінде қойылатын құрылыс талаптары бойынша кеңестер берілді, сондай-ақ нысандарды қайта реконструкциялау талаптары түсіндірілді.

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.