
Құрметті қала тұрғындары!
📣Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мамандары мен бөлім басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі 2026 жылы өзгеріссіз қалды.
Қабылдау әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14:00-16:00 аралығында өтеді.
📌 Ескерту: Бұл күндері тек бөлім басшылары мен мамандардың қабылдауында бола аласыздар!
📌 Басқарма басшылығы азаматтарды алдын ала жазылу бойынша сәрсенбі және бейсенбі күндері қабылдайды.
55-69-57 телефон нөмірі арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін алдын ала жазылуға болады.
Басқарма мекенжайы: Мәмбетов к. 24