Қоғамдық талқылау өтті

Қоғамдық талқылау өтті

Бүгін қоғамдық талқылау өтті.

Тақырыбы: «Қонақ үй» кешені нысанының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу.

Мекенжайы: Космонавтов және Наркескен көшелерінің қиылысы.

Құрылыс компаниясының басты мақсаты – қазіргі таңдағы қонақ үйді қайта жөндеп, шетелдік стандарттарға сәйкес келтіру. Ол халықаралық деңгейдегі кем дегенде 4 немесе 5 жұлдызды болуға тиіс. Қазіргі уақытта жауапты өкілдер шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізуде, олардың басты талабы – қонақ үйдің биік әрі кең болуы.

Жер учаскесінің жалпы көлемі – 1 га, оның 68 сотығына қонақ үй орналасады, қалған бөлігі абаттандыруға және жолды кеңейтуге бөлінеді. Келуші көліктер үшін қонақ үй аумағындак екі автотұрақ және жерасты автотұрағы жобалануда.

Құрылыс шамамен 2 жылға созылып, оған 15,3 млрд теңге инвестиция құйылмақ. Құрылыс барысында 350–450 адам жұмыспен қамтылса, пайдалануға берілгеннен кейін қонақ үйде 220–260 тұрақты жұмыс орны қамтамасыз етіледі.

Қонақ үй қызметінен бюджетке түсетін салық жылына 400–500 млн теңгені құрайды деп есептелуде, ал 10 жыл ішінде бұл 4–5 млрд теңгеге жетеді.

Инженерлік желілер қазіргі қонақ үй орналасқандықтан жаңадан өткізілмейді; қажет болған жағдайда оларды жаңартып немесе кеңейту жоспарлануда.

Қоғамдық талқылаудың алдын ала қорытындысы бойынша қатысушылардың 99 пайызы жобаны қолдады. Қорытынды хаттама екі жұмыс күні ішінде Басқарма сайтында жарияланады.