Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында Алтынбек Жанатұлы қала шегінде жер учаскесін алу тәртібі жөнінде толық ақпарат берді. Сондай-ақ елордада жаңа құрылысқа қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің тапшылығы туралы да атап өтілді. Бұдан бөлек, жеке тұрғын үйді заңдастыру мәселесіне қатысты түсіндірмелер берілді.

Басқарма басшысы азаматтарды қабылдауды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізеді.

Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.