Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов апта сайынғы азаматтарды қабылдау өткізді.

Алдын ала жазылып келген қала тұрғындары қабылдауда өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Оның ішінде нысанды қайта реконструкциялау бойынша құрылыс талаптарына қатысты кеңестер берілді, сондай-ақ нысанды пайдалануға беруде қойылатын талаптар туралы айтылды.

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.