
Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов «Жанұя» отбасын қолдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Тұрғындар жер учаскесін беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту секілді мәселелермен жүгінді.
Басқарма басшысы азаматтарды қабылдауды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізеді.
Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.