Қоғамдық талқылау өткізілді

Қоғамдық талқылау өткізілді

Бүгінгі қоғамдық талқылауда келесі мәселелер қарастырылды:

  1. «Көп қабатты тұрғын-әлеуметтік, тұрмыстық және мәдени тағайындалған ғимаратты салу және пайдалану» нысанының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу. Мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Е684, 27-учаске, Өтініш беруші: «Prestige AST» ЖШС.
  2. «Кіріктірілген бөлмелері мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу, «1-9-14-16-18» қабаттан «9-14-17» қабатқа дейін өзгерту. Мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Е908 көшесі, 22-учаске, Өтініш беруші: «DARIAN STROY-1» ЖШС.

Алдын ала жоспарланған үшінші мәселе Өтініш берушінің бастамасы бойынша қоғамдық талқылау тәртібінен алынып тасталды:

  1. Астана қаласы, Нұра ауданы, Е908 көшесі, 24-учаскеде орналасқан «Кіріктірілген бөлмелері, балабақшасы, дамыту орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенін «1-9-14-16-18-20-25» қабаттан «2-3-9-14-17-20» қабатқа өзгерту, өтініш беруші: «DARIAN STROY» ЖШС.

«Prestige AST» ЖШС өкілінің айтуынша, көпқабатты кешеннің жалпы аумағы — шамамен 11 га, жоспарланған қабаттылығы — 9, 12 және 16 қабат. Нысанның ерекшелігі – жанында саябақтың салынуы, сондай-ақ ойын-сауық орталығы бой көтермек. Автотұрақпен қамтамасыз ету де көзделуде.

Іс-шарада көтерілген екінші нысан құрылыс компаниясы өкілінің айтуынша, кешен «қаланың ішіндегі қала» тұжырымдамасына сәйкес салынады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, нысан маңында 1 га аумаққа саябақ салу көзделген. Қазіргі уақытта кешеннің қабаттылығын төмендету мәселесі қарастырылуда.

Бүгінгі іс-шараға көптеген тұрғын жиналды. Олардың қатарында ««Menin Elim Dala» және «SOS Taldykol» ҚБ өкілдері де болды.

Жоспарларын таныстырған құрылыс компанияларының өкілдеріне қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша:

  • «Prestige AST» ЖШС нысаны бойынша қатысушылардың басым бөлігі дауыс беруден қалыс қалып, қарсылық танытты.
  • Ал «DARIAN STROY-1» ЖШС таныстырған жоспарды көпшілік қолдады.