Қоғамдық талқылау барысында көпфункционалды әкімшілік орталықтың құрылыс жобасы қаралды.
Жобаланатын нысанның мекенжайы: «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, Бөгенбай батыр даңғылы, Республика даңғылы және Ә. Жангелдин көшесінің қиылысы.
Жобаға сәйкес 5 қабатты ғимараттың құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл аумақта тұрғын үйлер, балабақша, қоғамдық және әкімшілік нысандар, сондай-ақ сауда үйі орналасқан.
Құрылыс компаниясының өкілі атап өткендей, жоба аясында балалар ойын алаңдарын, спорт аймақтарын, қонақтарға арналған автотұрақтарды салу, сондай-ақ нысан аумағына қатынау жолдарын ұйымдастыру жоспарлануда.
Жобаны іске асыруға шамамен 300 млн теңге көлемінде инвестиция бөлінеді.
Жобаланатын құрылыс аумағы – 880 ш.м.
Бірінші кезеңді жүзеге асыру мерзімі – 2026 жыл.
Алдын ала дауыс беру қорытындысы бойынша қоғамдық талқылауға қатысушылар нысанды орналастыруды көздейтін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуді бірауыздан қолдады.
Екі жұмыс күні ішінде іс-шара қорытындысы бойынша хаттама жасалып, Басқарманың ресми сайтында жарияланатынын еске саламыз.
Сондай-ақ барлық қоғамдық талқылаулар біздің Facebook-тегі ресми парақшамызда тікелей эфирде көрсетілетінін хабарлаймыз.
Құрметті қала тұрғындары!
Қоғамдық талқылауларға белсенді қатысып, өз пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз.