Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Астана қаласы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Амантай Ғалымжан Амантайұлының қатысуымен Астана қаласының Архитектура, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада қызметтік әдеп талаптарын мүлтіксіз сақтау, заң бұзушылықтардың алдын алу, еңбек тәртібін сақтау және жұмыс кестесінен ауытқымау қажеттігі туралы түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Әкімнің әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік орган қызметкерлері жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қарапайымдылық танытуға және ойын-сауық орындарына барудан бас тартуға тиіс екенін атап өтті.