Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтына келді.

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтына келді.

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтына келді. Бұл іс-шара «Өңірлік экономика және кеңістіктік даму» пәні бойынша сапарлы дәріс аясында ұйымдастырылып, халық санының артуын ескере отырып елорданың қала инфрақұрылымын дамыту тәжірибесін зерделеуге бағытталды.

Бөлім басшысы Маулет Әлібаев студенттерді қала құрылысының бас құжатымен таныстырды. Ол елорданың қалыптасу тарихы туралы айтып, жапон сәулетшісі Кисе Курокава әзірлеген алғашқы бас жоспардың қандай қағидаттарға негізделгенін түсіндірді.

Институттың урбанистика орталығы басшысының орынбасары Бахтияр Бекенов Астананың ландшафтық шешімдері, көгалдандыру, саябақтар мен скверлер туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Ол «мастер-жоспар» мен «бас жоспардың» айырмашылығын түсіндіріп өтті: урбанист маманының айтуынша, мастер-жоспар қаланың жекелеген аудандарын неғұрлым егжей-тегжейлі жоспарлауға бағытталса, бас жоспар бүкіл қаланың ірі сәулеттік-жоспарлау шешімдерін айқындайды.

Кездесу барысында магистранттар белсенді түрде сұрақтар қойып, ал еліміздің басқа өңірлерінен келген қатысушылар өз қалаларының құрылыстық даму саясатын елордалық тәжірибемен салыстырды.