Астанада 45 мыңнан астам заңсыз орналастырылған сыртқы жарнама элементі анықталды.

Астанада 45 мыңнан астам заңсыз орналастырылған сыртқы жарнама элементі анықталды.

Астанада 45 мыңнан астам заңсыз орналастырылған сыртқы жарнама элементі анықталды.

Жыл басынан бері сыртқы (көрнекі) жарнама мен ақпаратқа мониторинг жүргізу жұмыстары нәтижесінде келісімсіз орналастырылған 45 659 сыртқы (көрнекі) жарнама элементі анықталды. Аталған іс-шараның нәтижесінде жергілікті бюджет 1,5 млрд теңгеден астам салық түсімдерімен толықты.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтін 5306 жарнама мен маңдайша элементтері алынып тасталды, 1300 ғимараттың сәулеттік-көркемдік келбеті қалпына келтірілді, 17 238 кеңес біріліп, 8 797 маңдайша эскизі қарастырылды.

Сыртқы жарнаманы орналастыруды бақылау шараларының мақсаты:

  • қаланың сәулеттік келбетін ретке келтіру;
  • қалалық ортаның эстетикалық тартымдылығын арттыру;
  • қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау.

 

  • Нұр-Сұлтан атауының Астана қаласы болып өзгеруіне;
  • сыртқы жарнамаға қатысты заңнамадағы өзгерістерге;
  • қалалық инфрақұрылымның жаңғыртылуына байланысты қазіргі уақытта қолданыстағы ережелердің орнына жаңа Ережелерді қабылдау қажеттілігі туындап отыр.

 

Қаралып жатқан Ережелер жобасында:

  • Астана қаласы аумағында жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары;
  • жарнама туралы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау және жою тәртібі;
  • Астана қаласы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы алып тастау жұмыстарын жүргізу тәртібі;
  • жарнама туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын айқындау шаралары қарастырылған.

 

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы Ережелер жобасын Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің қарауына ұсынды.

Алдағы уақытта аталған Ережелер жобасы Астана қаласы Мәслихатының бекітуіне жіберіледі.

 

Аталған Ережелер жобасын бекіту:

  • елорданың сәулеттік келбетін қалыптастыру және іске асыру бойынша Басқарманың жұмыс тиімділігін арттыруға;
  • жарнаманы орналастыру процесін неғұрлым ашық етуге;
  • жарнамалық құрылымдарды орнату және орналастыру кезінде құқық бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.