Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды қабылдау өткізді

Келісу құжаттары заң шеңберінде және Астананың бас жоспары аясында жүзеге асырылады, - деп апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау барысында Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов атап өтті.

Кездесу барысында тұрғын үйлерді сүру, жер учаскелерін бөлу, коммерциялық мақсатта нысандар салу және өзге де мәселелер көтерілді.

Аян Асқарұлы тұрғын үйлерді сүру жұмыстары уәкілетті органдармен келісу арқылы жүргізілетінін, ал Басқарманың бұл процеске тікелей қатыспайтынын түсіндірді. Сонымен қатар нысаны сүрілуі тиіс әр тұрғын алдын ала - кем дегенде бір ай бұрын хабардар етілетінін жеткізді.