"Астана-2025" Халықаралық сәулет фестивалі аясында шетелдік сәулетшілер «Астана бас жоспары» ғылыми-зертеу жобалау институтына келді. Кездесу барысында Институт бас директоры Руслан Жакупов қонақтарға елорданың бас жоспарын таныстырып, қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту бойынша алға қойған мақсаттары туралы айтты.
«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» Урбанистика орталығының басшысы Данияр Чиндалиев скверлер салу, аумақтарды көгалдандыру, ағаш отырғызу және аулаларды абаттандыруда жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған жобаларды таныстырды.
Фестивальдің екінші күні делегация Астананың басты көрікті орындарын аралап, заманауи сәулеттік шешімдермен және мәдени мұра нысандарын тамашалады.
Іс-шараның қорытынды кезеңінде үздік сәулеттік жұмысқа арналған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Байқауға оннан астам елдің өкілдері қатысты. Барлығы төрт номинация бойынша жеңімпаздар белгілі болды: қалалық кешендер, ғимараттар мен құрылыстар, сәулеттік мұра, ландшафт және сәулеттік орта дизайны.
Іс-шараның қорытындысы ретінде ең үздік сәулеттік жұмысқа арналған 33-ші халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Оған 10-нан астам елдің өкілдері қатысты. Жеңімпаздар екі бөлім бойынша анықталды – «Жобалар» және «Құрылыстар», олардың әрқайсысы төрт номинацияны қамтыды: қалалық кешендер, ғимараттар мен құрылыстар, сәулеттік мұра, ландшафт және сәулеттік орта дизайны.
Гран-при – Алтын медальді «Құрылыстар» бөлімінде астаналық сәулетшілер, ал «Жобалар» бөлімінде Өзбекстаннан келген әріптестері иеленді. Одан басқа барлық номинация бойынша жеңімпаздарға I, II и III дәрежелі дипломдар табысталды.
Биыл Халықаралық сәулетшілер одақтары қауымдастығының президенті болып Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рүстембеков сайланды. Бұл Қазақстанның сәулет саласындағы жоғары беделін көрсетеді.