Күз де жетіп әсем Астанамыз сары түске боянды. Ауа-райының салқындығына қарамастан Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар - “Астана Бас жоспары” ҒЗЖИ” ЖШС мен “Астана Жарнама” КММ-нің 100-ге жуық қызметкері жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Тұрмыстық қалдықтан тазарту үшін ұжымға Сарыарқа ауданындағы Шевченко көшесі, 10/2 мекенжайындағы аумақ бөлінді.
Елордамыз Астана — тазалық пен әсемдіктің символы. Сондықтан тұрғылықты жерін таза ұстау - әр азаматтың міндеті.