Астанада Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Түрікменстан, Сербия, Өзбекстан және Грузия және басқа да 10-нан астам елдің сәулетшілері бас қосты.
«Астана–2025» халықаралық сәулет фестивалінің ұйымдастырушысы – сәулетшілер Одақтарының халықаралық қауымдастығы (СОХҚ). Іс-шараны өткізуге Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы және «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС ат салысты.
СОХҚ 18 жыл бойы өткізіп келетін осындай байқауларда қазақстандық сәулетшілер 11 рет жеңімпаз атанған. Биыл фестивальге қатысушы елдерден 130-дан астам жұмыс ұсынылды. Байқаудың нәтижелері СОХҚ үйлестіру кеңесі – қазылар алқасы отырысының қорытындысы бойынша жарияланатын болады.
Іс-шараның мақсаты – ТМД елдерінің сәулет саласындағы үздік жетістіктерін көрсету және кәсіби тәжірибе алмасу. Басты миссиясы – келесі жылға Ассоциацияның Президенті мен Вице-президентін сайлау болды.
Қатысушылар мен қонақтар назарына елорда туралы бейнеролик және байқау көрмесінің материалдары ұсынылды.
Шетелдік меймандар қала құрылысы мен сәулеттік шешімдерге қатысты өз идеяларын, жүзеге асырылған жобаларын ортаға салып, болашақ жоспарларымен де бөлісті.