«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-де «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Аталған ақпараттық-оқыту тренингінің мақсаты - шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін түсіндіру болды. Қор мамандары Институт қызметкерлеріне кәсіпкерлерді қолдаудың қолданыстағы құралдары туралы, соның ішінде құрылыс пен сәулет саласында жұмыс істейтіндерге арналған мүмкіндіктер жайында әңгімеледі.
Кездесу барысында кредиттік пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кәсіпкерлерге кепілдік беру, сондай-ақ жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары қарастырылды.
Қордың ұсынатын қызметтері туралы жан-жақты білу тапсырыс берушілермен, инвесторлармен және жобалық қызметтің басқа да қатысушыларымен өзара тиімді қарым-қатынас орнату үшін маңызды болып табылады.
Бұл өз кезегінде серіктестік байланыстарды нығайтуға, институтқа деген сенімді арттыруға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға ықпал етеді.
Осындай іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін кеңейтуге, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өзекті өзгерістерді бақылап отыруға және алынған білімді тәжірибелік қызметте қолдануға септігін тигізеді.