Астананың Нұра ауданында жаңа инклюзивті ойын алаңы ашылды

Астананың Нұра ауданында жаңа инклюзивті ойын алаңы ашылды

Астананың Нұра ауданында жаңа инклюзивті ойын алаңы ашылды

Жалпы аумағы - 738 шаршы метр.

Алаң көру қабілеті нашар, қозғалысы шектеулі және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қажеттіліктеріне сай бейімделіп жасалған.

Мұнда:

  • кең жолдар
  • тактильді плиткалар
  • бағыттаушы жолақтар
  • әртүрлі жабындардан құралған сезімдер жолағы (шағал тас, көгал, құм, болат, жұмсақ жабын)
  • Брайль қарпімен жазылған ақпараттық тақтайшалар (әліпби, алаң сызбасы, бағдарлар)
  • ыңғайлы навигация орнатылған.

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың еркін ойнап, білім алып, дамуына барлық мүмкіндік қарастырылған:

  • шатыр астындағы шағын кітапхана
  • қол тіреуіші бар орындықтар
  • омыртқа ауруына бейім балаларға арналған арнайы орындықтар
  • шатыр астындағы ас үстелдер
  • велосипед пен арбаларға арналған тұрақ
  • батуттар мен әткеншектер (оның ішінде ұя-әткеншек)
  • кеме пішініндегі инклюзивті ойын кешені
  • воркаут аймағы
  • арбамен ойнауға ыңғайлы көтеріңкі құмсалғыш қарастырылған.

 

Сондай-ақ балалар үшін арнайы жасалған интерактивті мини-қалашықта келесідей ғимараттар:

  • өрт сөндіру бекеті
  • жедел жәрдем
  • полиция
  • қонақүй
  • ТҚКС (СТО)
  • мейрамхана

және инфрақұрылым элементтері:

  • бағдаршамдар
  • жаяу жүргіншілер өткелдері
  • жол белгілері бар.

«Біздің міндетіміз – әрбір отбасының өзін қоғамның назарында, қамқорлықта сезінуі инклюзивті ойын алаңы – балалардың еш кедергісіз бірге ойнап, бірге дамуына жол ашатын маңызды бастама», – деді алаңның ашылу сатанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Ришат Тұрдыбеков.