«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-де «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» тақырыбында тоқсан сайынғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты Институт қызметкерлеріне :
Кездесу барысында комплаенс-офицер Ерболат Қарасаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуге бағытталған ұйымдастырушылық және құрылымдық өзгерістер туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, ол қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесі мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жаза түрлері сипатталған ҚР заңнамалық актілерінің негізгі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, Институттың осы саладағы ішкі нормативтік құжаттарының негізгі талаптары да түсіндірілді.
Комплаенс-офицер қызметкерлердің күнделікті жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және ұйымның ішкі ережелерін дұрыс сақтауына қатысты практикалық мәселелерге ерекше назар аударды.