Бүгін Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, А. Пушкин көшесі мекенжайында қонақ үй кешенін салу мәселесіне қатысты қоғамдық талқылау өтті.
Аталған аумақ қазіргі уақытта коммуналдық-қоймалық нысандар, автобус паркі және басқа да кәсіпорындар орналасқан өндірістік аймақ болып табылады. Өтініш берушіге тиесілі жер учаскесінің ауданы 0,3 га құрайды. Жоба келушілерге арналған ыңғайлы кіреберіс, шығаберіс және автотұрақпен қамтамасыз етілген бес қабатты қонақ үй кешенін салуды көздейді.
Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, жобаны жүзеге асыруға шамамен 500 млн теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланған. Іске асыру мерзімі - 2025 жылдың соңы мен 2026 жылдың басы.
Алдын ала дауыс беру қорытындысы бойынша қатысушылар жобаға бірауыздан қолдау білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, екі жұмыс күні ішінде аталмыш іс-шараның хаттамасы әзірленіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланады. Сонымен қатар, барлық қоғамдық талқылаулар біздің ресми Facebook парақшамызда тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрметті қала тұрғындары! Қоғамдық талқылауларға белсенді түрде қатысып, өз пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз.