Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өкілдерінің қатысуымен Бейбітшілік және келісім саябағы ресми түрде ашылды. Аталмыш табиғи-рекреациялық аймақ Тәуелсіздік даңғылының көпір маңында, Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
Саябақтың басты нысаны – мәңгілікті, үйлесімділікті және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін «Өмір ағашы» монументі. Оның ортасына күмбез пішініндегі емен ағашы отырғызылып, айналасы фонтанмен және су айдынымен қоршалған. Ал монументтің айналасына бейбітшілік, келісім және рухани бірлік құндылықтарын бейнелейтін төрт инсталляция қойылды.
Сонымен қатар, саябақ аумағында каскадты сарқырама, «Жұлдызды аспан» туннелі, жаяу жүргіншілер жолдары мен демалыс аймақтары жасалып, ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Биыл қала бойынша жалпы көлемі 170 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырып, шамамен 1 миллион көшет отырғызу жоспарлануда.