Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік кеш

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік кеш

Биыл қазақтың кемеңгер ақыны, ағартушысы, композиторы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр.

Осыған орай «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты ұжым арасында мерейтойға арналған арнайы кеш ұйымдастырды.

Іс-шара барысында институт қызметкерлері ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды, қара сөздеріндегі терең ойға тоқталып, философиялық дүниетанымын талқылады. Сондай-ақ Абайдың әндері шырқалып, қазақ руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі жайлы мазмұнды әңгімелер өрбіді.

Институт қызметкері Гүлшат Тілеуханқызы жүрекжарды өлең шумағы арқылы ұлы ақынның мерейтойына өз құттықтауын арнады.

Кеш соңында ұйымдастырушылар әр қатысушыға ғұлама ақын-жазушының кітабын естелікке сыйлады.

Абай Құнанбайұлының мол мұрасын құрметтеу, терең танып-білу – әрбір қазақстандықтың, әсіресе жас ұрпақтың қасиетті борышы.