«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС мамандары Астана қаласының шет аймағын 2050 жылға дейінгі кезеңге дамыту бойынша кешенді қала құрылысы схемасын әзірлеуде. Жобаны әзірлеуге келесі ұйымдар да қатысуда:
Жобамен таныстыру, ұсынылған жоспарларды түсіндіру және талқылау мақсатында жобалаушы компаниялардың мамандары Аршалы, Шортанды елді мекендеріне және Ақмол ауылына іссапармен барды. Кездесулерге аудан әкімдіктерінің өкілдері, мәслихат депутаттары мен ірі кәсіпорын басшылары қатысты.
Астана қаласының шет аймағына Астана және Қосшы қалалары, Тайтөбе ауылы және үш ауданның ауылдық елді мекендерін қоса алғанда, барлығы 81 елді мекен кіреді. Жалпы аумағы — 1,15 млн гектардан астам (Астана қаласының аумағын есепке алмағанда). Шет аймақтың шекарасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен бекітілген. Бұл аумақтың Астана маңындағы азық-түлік белдеуін, ғылымды, құрылыс индустриясы кәсіпорындарын, туризмді және т.б. дамыту үшін зор ресурстық әлеуеті бар.
Жоба аясында барлық мүдделі тараптарды тарту көзделген. Жұмыс келесі бағыттарды қамтиды:
Қазіргі таңда атқарылған жұмыстар:
Кездесулер барысында қатысушылар белсенді түрде өз елді мекендерін дамытуға қатысты сұрақтар қойды. Ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары халықты толғандыратын өзекті мәселелерді көтерді. Барлық ұсыныстар тіркеліп, Жобаны жетілдіру барысында ескерілетін болады.