Бүгін «Өндірістік база» нысанын орналастыруға арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға нысанның функционалдық мақсаты мен негізгі жобалық шешімдер жөнінде ақпарат берілді.
Жобамен жан-жақты танысқаннан кейін қатысушылар оны бірауыздан қолдады.
Өтініш беруші: «KAZKAT GROUP» ЖШС.