Қоғамдық талқылаулар өтті

Қоғамдық талқылаулар өтті

Қоғамдық талқылаулар өтті

Қарастылырған мәселелер:

  1. «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені – 9-14-16 қабат» объектісін орналастыру бойынша ЕТЖЖ әзірлеу, Астана қаласы, «Нұра» ауданы, Ш.Айтматов көшесі ауданы, тапсырыс беруші «ГРАНЕЛЬ-2» ЖШС.
  2.  «Кіріктірілген үй-жайлар мен қызмет көрсету нысандары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» түрінен «Кіріктірілген, жапсарлас салынған және жеке тұрған үй-жайлары, паркингі, қызмет көрсету нысандары, бизнес-орталығы бар – 2-7-9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектісін орналастыру бойынша ЕТЖЖ әзірлеу, Астана қаласы, «Нұра» ауданы, Қазыбек би мен Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысы ауданында, тапсырыс беруші «Silkway DV-1» ЖШС.
  3. «Көпқабатты тұрғын үй кешені, коммерциялық ғимараттар және паркинг – 12,17 қабат» объектісін орналастыру бойынша ЕТЖЖ әзірлеу, Астана қаласы, «Нура» ауданы, Қазыбек Би көшесі мен уч. 23 қиылысы, тапсырыс беруші «СК БАЗАР» ЖШС.
  4. «Төменқабатты тұрғын үй құрылысы – 3 қабат» объектісін орналастыру бойынша ЕТЖЖ әзірлеу, Астана қаласы, «Нура» ауданы, Корғалжын тас жолы, 6/7 учаске, тапсырыс беруші Бертаев Ислам Серікұлы.

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты, олардың қатарында аудан тұрғындары, бастамашыл топтардың және өтініш беруші ұйымдардың өкілдері болды.

Сұрақ-жауап форматында өткен жиын 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Жиынға келген әрбір тұрғын азаматтық ұстанымын білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша тек сұрақ қойып қана қоймай, өз пікірлерін де ортаға салды.

Жиын соңында дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды.

Қазіргі уақытта дауыс беру нәтижелері тексерілуде. Қоғамдық талқылаулардың қорытындысы бойынша 2 жұмыс күні ішінде хаттама әзірленіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланады. Дауыс берудің нақты нәтижелері хаттамаға енгізіледі.